БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті үміткерлер!
 
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМКК белгіленген тәртіпке сәйкес бос лауазым орындарына конкурс жариялайды (бос лауазымдар тізімі қосымша 1-ге сәйкес көрсетілген).
 
Конкурсты ұйымдастыру кезеңдері:
 
1. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 12 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 18 қыркүйекке дейін қағаз түрінде немесе электронды пошта арқылы келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Манас көшесі, 13 немесе muzcollege@mail.ru.
2. Ұсынылған құжаттар Типтік біліктілік сипаттамаларында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарай қаралады.
3. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы және үміткерлердің құжаттарын қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдау 2025 жылғы 19 қыркүйекте с 15.00 өтеді.
 
Барлық мүдделі тұлғалар конкурсқа қатысуға шақырылады.
 
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. қоса берілген құжаттар тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш (3-қосымшаға сәйкес);
2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі, Типтік біліктілік сипаттамаларға сәйкес;
4. еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда);
5. ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген);
6. психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастарда диспансерлік есептің жоқтығы туралы анықтама;
7. наркологиялық есепте тұратын адамдар бойынша диспансерлік бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
8. сертификат (немесе бар болған жағдайда біліктілік санатын растайтын куәлік);
9. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына үміткерлер үшін: пән бойынша сертификаттау нәтижелері немесе педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттарының бірі туралы куәлік (бар болған жағдайда) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass және жоғары; IELTS – 6.5 балл; немесе TOEFL (internet Based Test (iBT)) – 60–65 балл сертификаттары (бар болған жағдайда);
10. Соттылығы жоқ туралы анықтама;
11. бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің Бағалау парағы (12, 13-қосымшаларға сәйкес);
12. жұмыс (педагог лауазымында) немесе оқу орнынан берілген ұсыныс хаты.
 
Анықтама үшін байланыс телефоны:
Нұрсейтова Гүлзира Айтбаевна – 8 (707) 476 97 69

Share: