П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры міндетін уақытша атқарушы болып Балпанова Гульсара Сайдгалиевна тағайындалды.
2026 жылғы 30 маусымнан бастап Балпанова Гульсара Сайдгалиевна Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойды.
Бүгін колледж ұжымына жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Аппарат басшысы Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали ресми түрде таныстырды.
Балпанова Гульсара Сайдгалиевна осы уақытқа дейін колледжде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, оқу үдерісін жетілдіру мен колледждің дамуына өз үлесін қосып келеді.
Кездесу барысында ұжым мүшелері Балпанова Гульсара Сайдгалиевнаны жаңа қызметімен құттықтап, жауапты жұмысында толағай табыс, тың бастамаларына сәттілік және шығармашылық жетістіктер тіледі.