Құрметті өнер сүйер қауым!
Құрметті өнер сүйер қауым!

Қараша айының 16-18 шы жұлдызы аралығында  Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 90 жылдық мерейтойымен “Nomad life” өмірді сақтандыру компаниясы, Акционерлік қоғамының 15 жылдығына орай «Көшпенділер әуені» VI Республикалық дәстүрлі орындаушылар сайысы “Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша өтеді. Байқауға республикамыздағы музыкалық колледждерде «Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша білім алатын студенттер қатыса алады.
 
Байқау ІІ кезеңнен тұрады:
І кезең:
1. Халық әні.
2. Халық композиторларының әні.
3. Ескендір Хасанғалиевтың дәстүрлі ән бағытындағы әні (өз қалауы бойынша)
 
ІІ кезең:
1. Халық әні.
2. Халық композиторларының әні.
3. Жеребе
 
Байқауда қазылар алқасы Гран-при, сондай-ақ 1,2,3 дәрежелі лауреат атағын, соған қоса, дипломанттар атағы беріледі.
Ескендір Хасанғалиев әндерін үздік орындағаны үшін арнайы жүлде тағайындалған.
Байқау жүлдегерлері, арнайы жүлде иегерлері мен дипломанттарға ақшалай сыйлықтар табысталады.
 
Сайыстың басты серіктесі:
"NOMAD LIFE" Өмірді сақтандыру компаниясы, Акционерлік Қоғамы
 
“Хасанғалиев әлемі” мәдениетті қолдау қоры.
 
Барлық конкурсанттарға сәттілік, шығармашылық шабыт  тілейміз! 
Дәстүрлі музыка өнері жасасын!
 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ПЕТР ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ МУЗЫКАЛЬҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 90-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «КӨШПЕНДІЛЕР ӘУЕНІ» VI ДӘСТҮРЛІ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІ3У ҚАҒИДАЛАРЫ

Толығырақ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІБИ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТАУЫ ПЕТР ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы


Алматы, 29 қараша 2022 жыл. Толығырақ

ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО

Республиканская научно-практическая онлайн-конференция «АЛМАТИНСКИЙ МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ ПЕТРА ЧАЙКОВСКОГО У ИСТОКОВ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО МУЗЫКАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В КАЗАХСТАНЕ»

Алматы, 29 ноября 2022 года. Подробнее

 

Share: