1973-2017 жылдары аралығында фагот аспабында ұстаздық қызмет атқарған Павел Павлович Чукреевке арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті
Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, колледж түлегі Еркебұлан Жұмакенов мырзаның демеушілігімен колледжімізде 1973-2017 жылдары аралығында фагот аспабында ұстаздық қызмет атқарған Павел Павлович Чукреевке арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде алғашқы сөз кезегін алған колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы Павел Павловичтің ұстаздық жолындағы саналы ғұмыры мен көптеген музыка мамандарының өнер айдынында қанат жаюына жағдай жасағанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар колледж ұжымы атынан Еркебұлан Жұмакенов мырза бастаған барша шәкірттеріне колледж ұжымы атынан алғыс білдірді. Салтанатты шарада сөз алған Павел Павловичтің замандас досы Лукичев Юрий Павлович және шәкірттері жылы естеліктерімен бөлісті.