Жас таланттың үлкен сахнадағы жарқын өнері
Жас таланттың үлкен сахнадағы жарқын өнері

2026 жылғы 12 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы «Шалқыма» концерт залында колледжіміздің «Фортепиано» ПЦК студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты Әмір Қырықбай Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрімен солист ретінде өнер көрсетті.
Концертте жас пианист әлемдік классикалық музыканың жауһарларының бірі — П. И. Чайковскийдің фортепиано мен оркестрге арналған №1 концертін орындады.
Оркестрге дирижерлік еткен — Айдар Торыбаев.
Оқытушы — М. В. Депьеро.
Жас музыканттың кәсіби симфониялық оркестрмен бір сахнада өнер көрсетуі — оның шығармашылық жолындағы маңызды белес әрі ұстаз бен шәкірттің жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Әмір Қырықбай мен оның ұстазы М. В. Депьероны жарқын өнер көрсетуімен құттықтап, жаңа шығармашылық жетістіктер мен үлкен сахналар тілейміз!
 
 

Share: