Almaty Museum of Arts музейінде өткен «Өнер дыбыстары» музыкалық жобасына П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.
Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы мен Almaty Museum of Arts бірлесіп ұйымдастырған кеште музыка мен бейнелеу өнері үйлесім тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Концерт барысында колледж студенттері қазақ халық әні «Ақбақай», Е. Хасанғалиевтің «Асыл жар» әні, сондай-ақ әлемдік классика жауһарларын орындап, өз шеберліктерін көрсетті.
Өнер мен музыканың үндестігін дәріптеген бұл жоба қатысушылар мен көрермендер үшін ұмытылмас мәдени кешке айналды.