Эстрадалық ән салу бөлімінің студенттері көрермен назарына «Арыстан патша» қойылымын ұсынды
Эстрадалық ән салу бөлімінің студенттері көрермен назарына «Арыстан патша» қойылымын ұсынды

Әлемге әйгілі туынды желісімен қойылған сахналық қойылымда махаббат, достық, сенім мен батылдық тақырыптары әсерлі көрініс тапты. Кейіпкерлер образын шынайы жеткізген студенттер актерлік шеберлігімен, вокалдық орындауымен және сахна мәдениетімен көрерменнің зор қошеметіне ие болды. 
 
Қойылымның жоғары деңгейде өтуіне үлкен еңбек сіңірген қоюшы режиссер, актерлік шеберлік пәнінің мұғалімі Қадырбаева Жадыраға және Эстрадалық вокал бөлімінің меңгерушісі Жанбол Төлеуовичке ерекше алғыс білдіреміз.
 

 

Share: