Ақын, драматург Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған рухани кеш ұйымдастырылды
Ақын, драматург Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған рухани кеш ұйымдастырылды

Кеш барысында композитор Ескендір Хасанғалиевпен бірлесіп жазған «Әдемі-ау», «Сағындым сені» әндері орындалып, көрермен жүрегінен орын алған «Іңкәрім-ай», «Әлия», «Ақбұлақ» сынды танымал шығармалар шырқалды. Сонымен қатар ақынның туған жеріне арналған «Ақтөбеге ода», «Туған елім» шығармаларынан жыр шумақтары оқылды.
 
Кештің қадірлі қонағы — ақынның ұлы, “Arshala” қоғамдық қорының жетекшісі Жасұлан Бәкір Тәжібаев болды. Сонымен қатар іс-шараға «Ауыл» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы А. Қонырбаев және Белсенді ұзақ өмір сүру мен халықтық дәстүрлерді сақтау бөлімінің өкілдері қатысты.
 
Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қаламгер шығармашылығын ұлықтаған әсерлі кеш көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
 

 

 

Share: