Ашық сабақ
Ашық сабақ

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде "Жалпы білім беру" ПЦК ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы-Ыбырай атты колледжіміздің 1курс студенттерінің қатысуымен Қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға Ыбырай Алтынсариннің  180жылдығына орай ашық сабағы өтті. Аталған іс-шарада колледж студенттері ақынның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" сынды өлеңдерін  нақышына келтіріп жатқа орындады.
Ашық сабақты колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахымбаева Г.Б, "Жалпы білім беру" ПЦК төрайымы Ильясова Г.Р., қорытындылап, аталмыш іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Байниязова Баян-Сұлу Қыстаубайқызы мен Шуженова Қымбат Советқызына алғыс айтты. Талантты ақын, терең ойшыл, қайраткер Ыбырай Алтынсаринді қазақ ұлттық педагогикасының іргесін қалаушы деп айтуға толық негіз бар. Барша Алаш жұртының ұстазы болған Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы құтты болсын дегіміз келеді.

Share: