Халықаралық серіктестікке қол қойылды
Халықаралық серіктестікке қол қойылды

Бүгін колледжіміз үшін тарихи әрі маңызды күн болды.
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі мен Түркия Республикасындағы серіктес білім беру мекемесі арасында бауырластық және өзара ынтымақтастық туралы халықаралық келісімге қол қойылды.
 
Бұл келісім екі ел арасындағы білім беру, өнер және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған. Алдағы уақытта студенттер мен оқытушылардың шығармашылық тәжірибе алмасуы, бірлескен концерттер, мәдени жобалар мен халықаралық кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.
 
Қазақ пен түрік халқының рухани байланысын арттыратын бұл серіктестік — өнер мен достықтың жаңа белесі.

 

 

Share: