Келісімнің негізгі мақсаты — архив ісі, құжаттану, мәдениет және білім беру салаларындағы өзара байланысты дамыту, тарихи құжаттарды насихаттау, ұлттық архив қорындағы құнды деректерді таныстыру және жастардың тарихи сана мен мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.
Алдағы уақытта екі тарап бірлескен архивтік көрмелер, құжаттық экспозициялар, ғылыми-тәжірибелік семинарлар, мәдени-ағартушылық жобалар және танымдық кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар студенттер архив құжаттарымен жұмыс жасау, тарихи деректерді зерттеу, құжаттарды сақтау және цифрландыру бағытындағы тәжірибелік жұмыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Бұл ынтымақтастық — тарихи-мәдени мұраны сақтау, архив қорларын дәріптеу және жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту жолындағы маңызды бастама.