П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде музыкалық колледждер арасындағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 47-Республикалық орындаушылар конкурсының «Хор дирижерлігі» номинациясы бойынша байқаудың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды жас музыканттар жиналды: Шымкент, Астана, Өскемен, Павлодар, Алматы, Ақтау, Орал, Талдықорған қалаларынан қатысушылар өз дирижерлік шеберліктерін көрсетеді.
Бұл байқау — кәсіби шеберлікті шыңдап, шығармашылық тәжірибе алмасуға, жас дирижерлердің жаңа белестерді бағындыруына үлкен мүмкіндік.
Қатысушыларға сәттілік, шабыт және жарқын жеңістер тілейміз!