Шамғон Қажығалиев атындағы кіші халық аспаптар оркестрінің «Көктем сазы» атты есеп беру концерті өтті
Шамғон Қажығалиев атындағы кіші халық аспаптар оркестрінің «Көктем сазы» атты есеп беру концерті өтті

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және дирижеры Мирует Мұқанова Кеш шымылдығы Нұрғиса Тілендиевтің «Аңсау» күйімен ашылды. 
 
Бағдарламада халыққа кеңінен танымал туындылармен қатар, жас композиторлардың да шығармалары ұсынылды. Атап айтқанда Ғаламат Бейсеқожаның «Көшпенділер» шығармасын Ғалымжан Айдар жеке домбырада орындады. Нұрғиса Тілендиевтің “Көңілді бикеш” күйін Мәкен Рамазан шеберлікпен жеткізе білді.
 
Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынғазы Рахимовтың «Сәби болғым келеді» әнін Дәстүрлі ән салу бөлімінің 4 курс студенті Абсамат Сырым жеке дауыста әсерлі орындады.
 
Жантөренің «Шалқыма» күйін кеш қонағы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Азамат Шынаров сахнада жоғары деңгейде тартты.
 
Көктемнің әсем сазы мен жанға жақын әуендерге толы бұл кеш көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
 

 

 

Share: