Колледж студенттері Нұрсұлтан Назарбаев қорының степендианты атанды
Колледж студенттері Нұрсұлтан Назарбаев қорының степендианты атанды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қорында «ЖасSTAR» фестивалі басталды. Фестиваль аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының байқау жеңімпаздары марапатталады:
Еліміздің үздік 80 студенті Қор стипендиясының сертификатын алды;
Нұрсұлтан Назарбаев қорының 2022-2023 оқу жылына арналған өнер және мәдениет бағытындағы студенттік стипендиялар байқауының жеңімпаздары қатарында колледжіміздің студенттері: 
“Хорда дирижерлау” ПЦК студенті Аккожа  Олжас Кенесович., 
“Үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптар” ПЦК студенті Мейрбекова Элианора Жумабайкызы.,
“Академиялық ән салу” ПЦК студенті Шевченко Богдан Викторович., 
“Фортепиано” ПЦК студенті Германцева Аделина Владимировнаны
 
ерекше атап өткіміз келеді. Сондай-ақ ел тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жастарға үнемі қолдау жасап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев қорына, қор басшылығына, барша ұйымдастырушыларға, мәдениет кеңесінің төрағасы, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры 
Хасанғалиев Біржан Ескендірұлына шексіз алғысымызды білдіреміз. 
"Болашақ жастардың қолында" демекші барша жеңімпаздарға жеңісті күндеріңіз көп болғай дегіміз келеді.

Share: