"Алатау" жастар хорының шығармашылық концерті

Сәуір айының 15-і жұлдызында Талдықорған қаласы,І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 90 жылдығына орай "Алатау" жастар хорының шығармашылық концерті өтті. Көркемдік жетекшісі және дирижеры ҚР Мәдениет саласының үздігі Накибаева З.Н. Концертмейстер: Айман Давлетьярова. Хормейстерлер: Ринат Кузикеев, Назымбек Мусульманов. "MAGIC VOICE" вокалды ансансамблі Көркемдік жетекшісі: Мақсат Төлеумырза.Сондай-ақ Қыл-қобызда Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Есеналиева Дана Асылбекқызы өнер көрсетті. "Алатау" жастар хорының шығармашылық концерті өте жоғары дейде өтіп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Концертке келген көрермен қазақ, орыс және заманауи композиторлар  шығармаларының жоғары кәсіби орындалуының куәсі болды. Осындай керемет іс-шараның бастамашысы әрі ұйытқысы болған колледж директоры ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Б.Е., І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының директоры, композитор Али Алпысбаев мырзаға, Қ.Байсейітов атындағы колледж директоры Адырбаев Адильхан Кылышханұлына ерекше алғысымызды білдіреміз.

 

 

Share: