Оқу әдістемелік кешені мен сандық білім беру ресурстарын қалыптастыру талаптары
Оқу әдістемелік кешені мен сандық білім беру ресурстарын қалыптастыру талаптары

Мамандар дайындау жүйесінде оқу процесі қажетті білім беру ресурстарымен:  Оқу әдістемелік кешені (әрі қарай - ОӘК) мен сандық білім беру ресурстарын (әрі қарай - СБР) қамтамасыз етілуі маңызды. 
Білім беру ресурсы (басқа атауы – оқыту құралы) –білім беру функциясында оқушылар мен педагогтар арасындағы қолданылатын білім беру процесі жүретін орта элементі. Білім беру ресусртарына оқу -әдістемелік әдебиет, (қазаз түрінде), көрнекілік оқыту құралдары, оқытудың техникалық құралдары, ИКТ құралдары, лабараториялық жабдықтар және т.б.жатады.
Оқу әдістемелік кешен (ОӘК) – сандық және сандық емес дерек көздерін қамтитын қажетті жабдықтар,  сонымен бірге, оқу процесін басқарудың және ұйымдастырудын функциясын қамтамасыз ететін білім беру ресурстарының толыққанды жүйесі.  
Сандық білім беру ресурсы (СБР) – білім беруде қолданылуға бағытталған, сандық түрде сақталатын және берілетін, ақпараттық сандық объектіге қатысты ақпараттық білім беру ресурсы. 
ОӘК мен СБР (сандық емес және сандық түрде): Оқу жұмыс жоспары және  модуль бойынша бағдарлама, электронды оқу құралы,  тесттік материалдар; оқу бағдарламаларын  меңгеру сапасын бақылау материалдары, пәнді (модуль) меңгеруде білім алушыларға ұсынылатын  әдістемелік нұсқаулықтар, ағымдағы үлгерім бақылауын ұйымдастыру, білім алушының өзіндік жұмысын орындауға арналған  ұсыныстар, оқу құралдары, мақалалар, видеоүзінділер, интерактивті модельдер, тапсырмалар ж т.б.  
ОӘК және СБР мазмұнына қойылатын талаптар: 
1. Ақпараттын толықтығы мен өзектілігі, оның көрсетудің шағынды және ыңғайлығы; 
2. ОӘК және СБР материалдары үнемі толықтырылып отыратын, толық хабар беретін және түсінікті болуы тиіс.  
3. Кешенді сиппатамасы: ОӘК және СБР мазмұны студенттің оқу әрекеті түрлері мен формаларын әдістемелік қамтамасыз ету қажет;
4. Оқу материалын нақты құрылымдауда ақпарат бүтіндей және аяқталған мәнге ие болуы тиіс;  
5. Оқу материалының көрнекілігі мен түсініктілігі үшін мейілінше кестелер, кескіндер, суреттер, диаграммалар, мультимедиалық материалдар (үйрету видеолары, роликтер ж.т.б.). Сонымен бірге, құрастырылған көмекші материалдар: глоссарий, әдебиет тізімі, тесттер, анықтамалар, әдістемелік көрсеткіштер. 
Әр бір материалға қосымша түініктемелер беріледі. 
Мәтін Times New Roman форматында, 12 шрифт өлшемінде жасалады.   
 

Share: