Көшпенділер әуені марапаттау
Көшпенділер әуені марапаттау

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Нұрсұлтан Назарбаев қоры  және «Nomad Life Өмірді сақтандыру компаниясы»  Акционерлік қоғамының қолдауымен өткізіліп отырған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көшпенділер әуені»  V Республикалық ұлт аспаптарда орындаушылар байқауының  жабылу салтанаты өтті.
Байқау "Құрманғазы" домбыра, "Қорқыт" қыл-қобыз, "Фатима Балғаева" прима-қобыз номинациялары бойынша өткізілді.
 Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70ке жуық өнерпаз бақтарын сынады.
Құрманғазы номинациясы бойынша ұйымдастыру алқасы төрағасының шешімімен саналы ғұмырын  білім беру ісіне арнаған, колледжіміздің халық аспаптар оркестрінің құрылып, өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардагер ұстазымыз ҚР Мәдениет қайраткері
«Шынарбек Асқарұлы» атындағы арнайы жүлде тағайындалды. 
Сондай-ақ "Қорқыт" және "Фатима Балғаева" номинациялары бойынша "Жаппас Қаламбаев" атындағы арнайы жүлде тағайындалды.

 Байқаудың 1орын және Бас жүлде иегерлерін «Көшпенділер әуені» V республикалық байқауының демеушісі «Nomad Life Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Шалғынбаев Мәди Әділханұлы және Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалык колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы марапаттап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алдағы өнер жолында тек шығармашылық табыстар тіледі.
Байқау қорытындысы бойынша:
 «Құрманғазы» номинациясы
1 орын – Мұхамеджанов Нұрдәулет Дина Нұрпейісова Атындағы халықтық музыка академиясы, Атырау музыка колледжі. Атырау қаласы.
 
«Қорқыт», «Фатима Балғаева» номинациялары бойынша
 
1 орын - Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенті Жеңіс Зерде, Алматы қаласы.
Ұстазы – Қожамқұлова Гүлайым.
 
1 орын - Касымханова Жанбота Канатовна. «Шығыс Қазақстан Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі». ШҚО, Өскемен қаласы жеңімпаз атанса,
«Құрманғазы» номинациясы бойынша
Бас жүлде – Әлімқұл Сұлтан. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі

«Қорқыт», «Фатима Балғаева» номинациялары бойынша
Гран при – Дина Нүрпейісова атындағы халықтық музыка акадеиясы, Атырау музыка колледжінің студенті Жақсылық Ақтолқын, Атырау қаласы жүзден жүйрік деп танылды.
Барша жүлдегерлер мен дипломанттарды тағы да шын жүректен құттықтаймыз.
Сондай-ақ осы байқаудың өткізілуіне мұрындық болған Нұрсұлтан Назарбаев қорына, «Nomad Life Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамына және Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің басшылығына  өз алғысымызды білдіреміз!

 

Share: