“Көшпенділер әуені” VI Дәстүрлі әншілердің Республикалық байқауының жабылу салтанаты
“Көшпенділер әуені” VI Дәстүрлі әншілердің Республикалық байқауының жабылу салтанаты

Қараша айының 17 жұлдызында Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, “Nomad Life өмірді сақтандыру компаниясы” Акционерлік қоғамы, “Хасанғалиев әлемі” мәдениетті қолдау қорының қолдауымен өткізілген “Көшпенділер әуені” VI Дәстүрлі әншілердің Республикалық байқауының жабылу салтанаты өтті.
 
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты жастарға колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Хасанғалиев Б.Е. алдағы өнер жолына ақ жол тілеп, шығармашылық толағай табыстар тіледі.
 
Екі күнге созылған өнер бәйгесінде жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандар:
 
Байдаудың Гран-при иегері:
Сраил Аида-Жүсіпбек Елебеков атындағы РЭЦК;
 
Байқаудың І орын иегері:
Маратов Жомарт (Маңғыстау);
 
Байқаудың ІІ орын иегері:
1. Мұратова Гүлжайна (Атырау);
2. Игілік Нұрсұлтан - Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі;
 
Байқаудың ІІІ орын иегері:
1. Халықбек Елнар (Астана);
2. Жаннатова Ұлдай (Атырау);
3. Сакабанова Айнұр (Маңғыстау);
 
Байқау дипломанттары:
1. Избасаров Қуаныш (Алматы)
2. Лес Ернұр (Шымкент)
3. Шунаев Дидар-Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі
4. Сұлтанғалиева Ғалия- Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі.
5. Батырханов Темірлан (Семей)
 
Е.Хасанғалиев атындағы арнайы жүлде иегерлері:
1. Умиралиева Назира (Атырау);
2. Санбаев Айбар (Ақтөбе)
 
Е.Хасанғалиевтың “Әдемі-ау” әнін ерекше орындағаны үшін-Рахметолла Даниял (Астана)
 
Осындау байқаудың өткізілуіне мұрындық болған “Nomad Life Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ, “Хасанғалиев әлемі” мәдениетті қолдау қорына сонымен қатар Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне алғыс білдіреміз.
Жеңісті күндеріміз көп болғай!
 
 
 
 
 
 
 
 

Share: