Республика күніне арналған салтанатты іс-шара
Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында еліміздің басты мерекесі 25-қазан Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Б.Е. айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар әріптестерімізге Алмалы ауданы әкімінің алғыс хатын табыстады. Олардың қатарында: колледж директорының Оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары Мукушева Г.К., “Қазақ халық аспаптары” ПЦК оқытушысы Асанова А.Ф., кадр бөлімінің инспекторы Егізбаева М.А., “Фортепиано” ПЦК оқытушысы Байнеш Г.Ж., “Музыка теориясы” ПЦКТ Яковенко Н.А.,
Барша әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.Барша Отандастарымызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
 
 
 
 
 
 

Share: