Денис Андреевич фон Мекпен кездесу
Денис Андреевич фон Мекпен кездесу

Қазан айының 22 жұлдызында Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің камералық залында Денис Андреевич фон Мекпен кездесу өтті. Денис Андреевич фон Мек - Надежда Филаретовна фон Мек халықаралық қайырымдылық қорының президенті әрі жетекшісі болып табылады. Ағартушы, меценат, қор басшысы, коллекционер, баспагер. Петр Чайковский жанкүйерлері бірлестіктерінің негізін қалаушы, Петр Чайковский атындағы оқу орындарының бірлестіктерін құрудың бастамашысы болып табылады. Мұрағаттану, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Халықаралық іс-шаралар, фестивальдер мен байқауларды өткізуге ықпал етеді. Кездесу аясында құрметті қонағымыз колледждің бүгінгі тыныс тіршілігімен танысып, колледж ұстаздары, студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы тың естеліктерімен бөлісті.
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Share: