Тілдер мерекесіне арналған концерт
Тілдер мерекесіне арналған концерт

Қыркүйек айының 29 жұлдызында  Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжімен Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұйымдастыруымен ҚР Халықтарының тілдер мерекесіне арналған концерт өтті.
Тіл-қандай ұлтта, елде болмасын қастерлі де құдіретті.
Биылғы тілдер мерекесі Қазақ тіл білімінің негізін салушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Концертте қазақ даласын мекен ететін түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен өнері екі колледж студенттерінің орындауында көрерменге жол тартты. Аталған іс-шараны О.Таңсықбаев атындағы АСҚӨК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мөллір Бикенқызымен Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахымбаева Гүлнар Базарбайқызы қорытындылап, екі колледж арасындағы достық, шығармашылық тәжірибе алмасу өз жалғасын табатындығын тілге тиек етті.
Мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша оқытушылар мен студенттерге шексіз алғысымызды білдіреміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Share: