ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері Ескендір Хасанғалиевтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды
ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері Ескендір Хасанғалиевтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды

   Бүгін, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының құрметті азаматы, қазақ ән өнерінің мэтрі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтың құрметіне арналған К.Байсейітова көшесі 42 үйінің сыртына мемориалды тақта орнату рәсімі өтті.
Алғашқы сөз Алматы қаласы мәдениет басқармасының бастығы Ғани Айдарұлы Майлыбаев мырзамен Қазақстан, Қырғызстан Республикаларының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор А.Қоразбаевқа берілді.
Сондай-ақ Е.Хасанғалиев атамыздың отбасылық досы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, “Құрмет”, “Даңқ” ордендерінің иегері, генерал-майор Байтұқбаев Жақсылық Ысқақұлы, 
Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиев,
Ескендір Хасанғалиев атамыздың аяулы жары, шығармашылығының шабыт көзі Дарико Сопыжанқызы Хасанғалиева сөз алып, өз естеліктерімен бөлісті.
Мемориалды тақтаны жиынның құрметті қонақтары Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғ.А.Майлыбаев, Е.Хасанғалиев атамыздың аяулы жары Д.С. Хасанғалиева, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Е.Хасанғалиев және т.б. өнер қайраткерлері ашты.
 
Даңқты композитор, атақты әнші Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев атамыздың шығармашылық мұрасы ғасырдан-ғасырға жететін баға жетпес мұра болмақ
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Share: