Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын

Бүгін, яғни 16 желтоқсан Халқымыздың  ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Жәнібек пен Керейден бастау алған бабалар арманы болған – Тәуелсіздік тәңірдің бізге берген үлкен бақыты, баға жетпес құндылығы.
Осы  аз ғана уақыттың ішінде еліміз еңсесін тіктеп, экономикасы дамып, барлық елдермен терезесі тең мемлекетке айналды. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы арта берсін.
Бабалардың қанымен, боздақтардың жанымен келген
Тәуелсіздік тұғырлы болсын!

Share: