«Дәстүрлі өнер: тарих және қазіргі кезең» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы
«Дәстүрлі өнер: тарих және қазіргі кезең» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті

РМҚК «Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Дәстүрлі өнер: тарих және қазіргі кезең» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы 

Алматы, 30 қараша 2021 жыл

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі 2021 жылдың  30 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қазақ халық аспаптарында орындаушылардың  Республикалық «Көшпенділер әуені» конкурсының бес жылдық мерейтойына орайластырылған «Дәстүрлі өнер: тарих және қазіргі кезең» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясына қатысуға шақырады. 

Конференция тақырыбы дәстүрлі өнер үлгілерінің өзіндік көрінімдері мен интерпретациясы; оларды зерттеу әдістері, өңдеу және жүзеге асыру; дәстүрлі өнердің қазіргі кезең шындығында бейнеленуі.     

 Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары:

- Дәстүрлі орындаушылық өнердің және Қазақстанда музыкалық педагогиканың дамуына көрнекті музыканттардың қосқан үлесі;

- Дәстүрлі орындаушы-музыкантқа білім беру мәселелері;

- Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі орындаушылықтың мәселелері; 

Конференцияның мақсаты: дәстүрлі орындаушылық тәжірибесін жиынтықтау, Қазақстанда дәстүрлі өнерді дамыту мен іске асырудың және зерттеудің басымдылық бағыттарын анықтау . 

Конференция шеңберінде секциялық онлайн-мәжілістер өткізіледі. Конференцияда қазақ, орыс, ағылшын тілдері қолданылады.  

Конференцияға қатысуға оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер және өнер мен мәдениетке қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.

Конференцияға қатысу түрлері: онлайн-мәжіліс шеңберінде бір немесе бірнеше секцияда баяндама жасау; конференция жинағында мақала  жариялау.

Қатысу үшін Өтінім және баяндаманың толық мәтін нұсқасын 2021 жылдың 1 қарашасына дейін  Ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет.

Өтінімде (бөлек файлмен) баяндаманың атауы, қатысушының толық тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс істейтін немесе оқу орны,   телефоны, электрондық почта мекені көрсетіледі. Сонымен қатар, студенттер, магистранттар мен докторанттар да толық тегін, атын, әкесінің атын, дәрежесін, ғылыми атағын, ғылыми жетекші/кеңесшінің лауазымын көрсету керек. Өтінімге қоса баяндама мәтіні де тіркеледі (қосымшадан рәсімдеу талаптарын қараңыз).    

Конференция қорытындысы бойынша электронды жинақ басылымын шығару жоспарлануда. Конференция қатысушыларына сертификат беріледі. Ұйымдастыруға жарна алынбайды.

Басылым материалдарының сапалы болуы үшін, сонымен қатар, авторлық құқықты сақтау мақсатында мақалалар плагиатқа қарсы тексеруден өтеді. Бірегей мәтіннің 70% -тен кемі бар мақалалар жариялауға жіберілмейді. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына, ғылыми нормаларға немесе шығармашылық этикаға және де баяндаманы рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдерді қабылдамауға құқылы.

Баяндаманы рәсімдеу талаптары

Жариялауға жіберілетін баяндаманың минималды көлемі – 15 мың белгіден бастап (шамамен 4-5 бет көлемі). Форматы: Microsoft Word 2000, 2003, 2007, 2010 форматында компьютерлік терілім (кеңейтілген *.doc, *.docx, *.rtf);

негізгі мәтіндегі қаріп — Times New Roman, 12 кегль, ескертулерде —  10.  Ескертулер (сілтемелер) бетте көрсетіледі, «Word» бағдарламасында «сілтемелер»  (ctrl+alt+f)  функциясын қолдану арқылы қойылады. Жол аралық интервалы — біртекті; беттің барлық жиектері — 2 см, туралау ені бойынша.

Азат жол шегінісі — 1cм (табуляцияның немесе аралық бос қалдыру арқылы емес); абзац аралық интервал — кәдуілгі, қаріптік бөліп көрсету — курсив.  

Мақала тақырыптары — БАС ӘРІПТЕРМЕН (қалың қаріптермен, туралау ортамен). Тақырып алдында —автордың ЕСІМІ және ТЕГІ  курсивпен, кіші әріптермен, туралау оң жақпен алынады. Төмен қарай – жұмыс орны мен қаласы көрсетіледі. 

Эпиграф курсивпен рәсімделеді, туралау оң жақпен. Тақырыпшалар — қалың әріптермен, тырнақшалар — типографиялық «», дәйексөздер ішінде — кәдуілгі “”.       

Тональдіктер латынмен жазылады: C-dur, g-moll, дыбыстар аттары латын әріптерімен теріліп, курсивпен бөлінеді: h, G, a2. Күндер сандармен белгіленеді: ғасырлар – рим сандарымен; жылдар мен онжылдықтар – араб сандарымен алынады.  

Ноталық үлгілер, сызбалар және суреттер негізгі мәтінге енгізіледі, әрі бір дюймге кемінде 300 пиксельге дейін шешімі бар болуы тиіс, сонымен бірге, кез келген графикалық форматта (JPEG, TIFF, BMP ж.т.б.), бөлек файлда қосымша берілуі керек

Мақалаға аннотациялар (түйіндеме) және кілт сөздері үш тілде, қалың қаріппен және курсивпен көрсетіледі. Қазақ тілінде (Аннотация, тірек сөздер), орыс тілінде (Аннотация, ключевые слова) және ағылшын тілінде (Abstract, key words). Аннотацияның минималды көлемі –  әр тілге 100 cөзден, аннотация мазмұны мақаланың қысқа ықшамдалған түрі: автордың қарастырған келелі мәселелерінен, зерттеу әдістерінен, зерттеу қорытындыларынан тұрады. 

Мақала («Әдебиеттер тізімі» деген атаумен) автоматты нөмірленген библиографиялық тізіммен аяқталады. Мәтінде қолданылған әдебиеттерге сілтемелер шаршы жақшада, библиографиялық тізімдегі дереккөздің реттік нөмірін және үтір арқылы бет нөмірін көрсете отырып, дәйексөз келтіру тәртібімен рәсімделеді (Мысалы: [17, 25], [3, 36]).  

Мақала авторлары мәліметтердің, дәйексөздердің, сілтемелер мен әдебиет тізімдерінің дәлдігі мен дұрыстығына толық жауап береді. Конфренция тақырыбына сәйкес келмейтін және жоғарыда көрсетілген талаптарға сай емес мақалалар жариялауға жіберілмейді.        

Баяндама мәтіні және конференцияға қатысуға өтінім тек электронды нұсқада төмендегі электрондық мекенге ұсынылады:

umocollegechaikovskogo@mail.ru.

Толық мәтінді ұсыну мерзімі – 2021 жылдың 1 қарашасына дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

  1. Мукушева Г.К. – ОӘБ бойынша директор орынбасары
  2. Попилова М.В. –  «Музыка теориясы» ПЦК оқытушысы
  3. Калашникова Н.И. – «Музыка теориясы» ПЦК оқытушысы
  4. Бекмуратова А.Ж. – «Музыка теориясы» ПЦК оқытушысы
  5. Бестембекова А.К. – «Музыка теориясы» ПЦК оқытушысы
  6. Кожамкулова К.А. – «Халық аспаптары» ПЦК оқытушысы

Байланыс:

+7 707 307 7380 – Попилова М.В. (мобильді/WhatsApp)       

+7 701 711 3645 – Мукушева Г.К. (мобильді/WhatsApp)    

+7 701 107 1428 – Кожамкулова К.А. (мобильді/WhatsApp)     

 

Электрондық почта: umocollegechaikovskogo@mail.ru.

Қосымша 1.

Өтінім үлгісі

Баяндама атауы

 

Қатысушының ТАӘ

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Жұмыс/оқу орны

 

Ғылыми жетекшінің ТАӘ (бірлескен авторлық болған жағдайда оны көрсету қажет)

 

телефон

 

Электрондық почта мекені

 

Өтінімді берілген күн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Share: