Ермек Серкебаев атындағы концерт залында “Орыс халық аспаптары” бөлімінің есеп беру концерті өтті

Сәуір айының 30 жұлдызында колледжіміздің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында “Орыс халық аспаптары” бөлімінің есеп беру концерті өтті.
 
Концертте орыс халық аспаптары оркестрі, бөлім оқытушылары мен студенттерінің орындауында қазақ, орыс, шетел шығармалары орындалды.
 
Колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлының бұйрығымен орыс халық аспаптар оркестріне осы бөлімде ұзақ жылдар қызмет атқарған ұлағатты ұстаз Анатолий Васильевич Кануников есімі берілді.
 
 
 

Share: