Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының жабылу салтанаты өтті
Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының жабылу салтанаты өтті

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының жабылу салтанаты өтті.
 
Колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев барша жүлдегерлер мен дипломанттарды шын жүректен құттықтап, алдағы өнер жолдарына шығармашылық толағай табыстар мен жетістіктер тіледі.
 
Екі күнге созылған өнер бәйгесінің нәтижесі:
Гран-При иегері:
А.Муратов (Петр Чайковский атындағы АМК)
І орын иегері:
Н.Мұхтарұлы (Астана қаласы)
 
ІІ орын жүлдегерлері:
1. М.Молдабеков (Петр Чайковский атындағы АМК)
2. Жақсылық Сәндібек (Қызылорда)
 
ІІІ орын жүлдегерлері:
1. М.Өмірбеков (Петр Чайковский атындағы АМК)
2. А.Нұрымбетова (Ақтөбе)
3. А.Қадірбек (Жүсіпбек Елебеков атындағы РЭЦК)
 
Дипломанттар:
1. Нармахан Досымжан (Шымкент қаласы)
2. Ишанбек Аружан (Қызылорда қаласы)
3. Сайдығалымов Біржан (П.Чайковский атындағы АМК)
4. Келгенбай Али (Ж.Елебеков атындағы РЭЦК)
 
Барша жүлдегерлер мен дипломанттарды шын жүректен құттықтаймыз!
 
 

Share: