“Ән қалықтап-Күй төгілсін” атты класс концерті өтті
“Ән қалықтап-Күй төгілсін” атты класс концерті өтті

Сәуір айының 29 жұлдызында колледжімізде қазақтың біртуар композиторы, күйші, дирижер, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевті 100 жылдық мерейтойына арналған “Дәстүрлі ән салу” бөлімінің оқытушысы Есбол Шаңбаевтың “Ән қалықтап-Күй төгілсін” атты класс концерті өтті.
 
Концертте кеш қонақтары мен  Есбол Шаңбаевтың шәкірттерінің орындауында даңқты композитордың ән-күйлері көрермен қауымға жол тартты.
 
Нұрғиса Атабайұлының әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған асыл құндылығымыз. Бүгінгі концерт осының айқын дәлелі болды деп ойлаймыз.
 
 

Share: