“Чайковский - музыка без виз” халықаралық мәдени-ағартушылық жобасы аясында мәртебелі мейманымыз Денис Андреевич фон Мекк қонаққа келді
“Чайковский - музыка без виз” халықаралық мәдени-ағартушылық жобасы аясында мәртебелі мейманымыз Денис Андреевич фон Мекк қонаққа келді

Сәуір айының 28 жұлдызында колледжімізге “Чайковский - музыка без виз” халықаралық мәдени-ағартушылық жобасы аясында мәртебелі мейманымыз Денис Андреевич фон Мекк қонаққа келді.
Денис Андреевич фон Мек - Надежда Филаретовна фон Мек халықаралық қайырымдылық қорының президенті әрі жетекшісі болып табылады.
Ағартушы, меценат, қор басшысы, коллекционер, баспагер.
Мәртебелі мейманымыз колледж ұстаздары, студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында композитор Петр Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығы туралы тың естеліктерімен бөлісті.
Колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы колледж ұжымы атынан мәртебелі мейманға колледж ұжымы атынан алғыс айтып, Алғыс хатын табыстады.
Іс-шара колледж фойесінде Петр Чайковский туралы киноплакаттар көрмесіне жалғасты.
 
 

Share: