Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, даңқты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына орай “Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша өтетін «Көшпенділер әуені» VII дәстүрлі орындаушылар конкурсының жеребе тарту рәсімі өтті
Бүгін колледжіміздің камералық залында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, даңқты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына орай “Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша өтетін «Көшпенділер әуені» VII дәстүрлі орындаушылар конкурсының жеребе тарту рәсімі өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен өз бақтарын сынауға келген талантты жастарға “Дәстүрлі ән салу” ПЦКТ Алшынова Гүлім Сәкенқызы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атануларына тілек білдірді.
Байқаудың салтанатты ашылуы:
26.02.2025 сағ:10.00-де
Ермек Серкебаев атындағы концерт залында өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт тілейміз!