Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт

Бүгін, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Колледж директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы барша ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап,қашанда ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп, білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздар қауымының еңбегі зор екенін айтып өтті.
Әрбір үйдің еркесінің бабын тауып, әр шаңырақтың тентегімен тіл табысатын ұстаздар қауымын шын жүректен мерекелерімен құттықтап, жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен ғана емес, ұлттық болмыста тәрбиелей берулеріне тілектестігін білдірді. 
 
Құрметті ұстаздар!
Адал жандардың ақжарма көңіліне кенеліп, қуанышты сәттеріңіз көп болсын аяулы ұстаздар. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Share: