Ескендір Хасанғалиев атындағы і халықаралық опералық орындаушылар конкурсының  шығармашылық есебі
Ескендір Хасанғалиев атындағы і халықаралық опералық орындаушылар конкурсының шығармашылық есебі

Петр Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінде ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор, әнші, қазіргі қазақ вокалдық музыкасының негізін салушылардың бірі Ескендір Хасанғалиев атындағы І –Халықаралық опералық орындаушылар конкурсы өтті. Байрақты өнер додасына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мемлекетінен 30 қатысушы жүздеген үміткердің ішінен видео (онлайн) іріктеуден өтіп, жолдама алды. Бақтарын сынаушылар 20 мен 32 жас аралығындағы Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері, филармония және опера театрларының солистері. Байқауға қаржылық қолдау көрсеткен "Nomad Life"Өмірді сақтандыру
компаниясы  АҚ төрайымы Қамысова Аида Ислямовна барша жүлдегерлер мен дипломанттарды шын жүректен құттықтап, байрақты өнер бәйгесінде жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілек білдірді.Бұл тамаша өнер додасының идея авторы, Ескендір Хасанғалиев шығармашылығының мұрагері, байқаудың ұйымдастыру комитетінің төрағасы П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, әнші, сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап ұлы мұраны аманаттап, насихаттау мақсатында атқарылған осынау байқау өзінің өміршеңдігін болашақтада жалғастыра береді деп тілек білдірді. Байқау бағдарламасы Ескендір Хасанғалиевтің тамаша романстарынан тұрды, олардың ең әдемі фортепианолық бөліктерін оның ұлы, әнші әрі композитор Біржан Хасанғалиев жазған. Байқауға қатысушылар 18-19 ғасырлардағы әйгілі опера арияларын да шырқады. Бірінші кезең біздің жеріміздің таланттарға қаншалықты бай екенін көрсетті.
Төмендегі сілтемені басу арқылы толығырақ көре аласыз.

Share: