Пленарлық отырыс
Пленарлық отырыс

Бүгін,  Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор, әнші, қазіргі қазақ вокалдық музыкасының негізін салушылардың бірі Ескендір Хасанғалиевты еске алуға арналған «Қазақстанның заманауи музыкалық білім беру кеңістігіндегі вокалдық орындау мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтті.
 
Пленарлық отырысты директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары, конференция модераторы Мукушева Г.К. ашты.
 
Конференция қонақтарымен қатысушыларына колледж директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұйымдастыру комитетінің төрағасы Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
 
Сондай-ақ пленарлық отырыстың құрметті қонағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Құдайберген Бекіш сөз сөйледі.
 
Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы секцияларда өз жалғасын тапты.
 
"Қазақстан композиторлары мен сазгерлерінің шығармашылығы" секциясының модераторы Отеулинова Г.Ж.,
 
"Вокалды орындаушылық өнер" секциясының модераторы Яковенко Надежда Александровна.

 

Share: