«КҮЙШІЛІК АЙМАҚТЫҚ МЕКТЕПТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ЛЕКЦИЯ-КОНЦЕРТ ӨТТІ
«КҮЙШІЛІК АЙМАҚТЫҚ МЕКТЕПТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ЛЕКЦИЯ-КОНЦЕРТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Күйшілік аймақтық мектептер» тақырыбында лекция-концерт ұйымдастырылды.
 
Іс-шараны музыка теориясы ПЦК оқытушысы Жамал Қанатқызы Салыбекова 4-курс студенттерінің қатысуымен өткізді.
 
Лекция-концерттің негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасын дәріптеу, күйшілік өнердің аймақтық мектептеріне тән ерекшеліктерді таныту, сондай-ақ студенттердің ғылыми ізденіс дағдыларын қалыптастырып, ғылыми әдебиеттер мен дереккөздермен жұмыс істеуге баулу.
 
Іс-шара барысында қазақтың күйшілік өнеріндегі аймақтық мектептердің қалыптасуы мен өзіндік ерекшеліктеріне назар аударылды. Студенттер ұлттық музыка өнерінің бай мұрасымен танысып, күй өнерінің тарихи және мәдени маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
 
Мұндай танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Share: