ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Колледжімізде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өтті.
 
Кездесуге Алмалы ауданы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы, полиция капитаны Бейбіт Маржан Құрманғазықызы қатысты.
 
Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Сонымен қатар жастарға қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және заң талаптарын құрметтеу қажеттігі түсіндірілді.
 
Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
 
 

 

Share: