«БЕРЕЛ» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ КӨРМЕСІ КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ ӨТТІ
«БЕРЕЛ» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ КӨРМЕСІ КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ ӨТТІ

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.
 
Көрменің негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, ежелгі сақ дәуірінің мәдениеті мен өнерін насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
 
Көрме барысында студенттерге Берел қорымынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлер таныстырылды. Сонымен қатар көне дәуірден жеткен тарихи мұралардың ерекшеліктері, олардың табылу тарихы мен ғылыми-мәдени маңызы туралы ақпарат берілді.
 
Берел қорғандарынан табылған археологиялық олжалар ежелгі сақ тайпаларының дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігін, қолөнері мен жоғары мәдениетін зерделеуге мүмкіндік береді. Мұндай көрмелер студенттердің тарихи танымын кеңейтіп қана қоймай, ұлттық мұраға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
 
Көрме колледж студенттері үшін отандық тарихтың терең қатпарларымен танысып, халқымыздың бай мәдени мұрасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген тағылымды мәдени-ағартушылық шара болды.
 
 
 
 
 

Share: