«БЕРЕЛ» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ МЕН ПЕТР ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«БЕРЕЛ» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ МЕН ПЕТР ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Алматы қаласында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
 
Меморандумның негізгі мақсаты – музей мен білім беру ұйымы арасындағы байланысты нығайту, мәдени-ағартушылық бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және жастардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
 
Ынтымақтастық аясында колледжде «Берел қорғандары – егемендік пен елдіктің мұрасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында студенттерге Берел қорымынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлер, олардың тарихи маңызы мен мәдени құндылығы таныстырылды.
 
Аталған меморандум алдағы уақытта бірлескен мәдени-ағартушылық және танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ студенттердің тарихи-мәдени мұра туралы білімін кеңейтуге жол ашады.
 

Share: