ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢА ӘРІПТЕСТІК
ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢА ӘРІПТЕСТІК

Жетісу облысының Дінмұхамед Рақышев атындағы филармониясы мен Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
 
Құжатқа филармония директоры Самат Жанғазыұлы Жексенбаев пен колледж директоры Гүлсара Сайдғалиқызы Балпанова қол қойды.
 
Меморандумның негізгі мақсаты – мәдениет пен өнер саласындағы байланысты нығайту, шығармашылық ынтымақтастықты дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және жас өнерпаздардың кәсіби қалыптасуы мен дамуына қолдау көрсету.
 
Аталған келісім екі мекеме арасындағы әріптестік байланысты жаңа деңгейге көтеруге, бірлескен шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға, ұлттық өнерді кеңінен насихаттауға және мәдени құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.
 
Бұл бастама өнер саласындағы өзара тәжірибе алмасуға жол ашып, жас таланттардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Share: