ӨНЕРГЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕККЕ – ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ
ӨНЕРГЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕККЕ – ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ

Республика күні қарсаңында Алматы музыкалық колледжінің ардагері, белгілі скрипкашы Мариям Сералиқызы Қожамқұловаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
 
Бұл жоғары мемлекеттік марапат – өнер саласына сіңірген еңбегінің, кәсіби шеберлігі мен отандық музыкалық мәдениетті дамытуға қосқан үлесінің лайықты бағасы.
 
Мариям Сералиқызын осынау мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт пен отбасыңызға амандық тілейміз!

Share: