ПРИМА-ДОМРА ЖӘНЕ ШЕРТЕР МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ
ПРИМА-ДОМРА ЖӘНЕ ШЕРТЕР МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде прима-домра және шертер мамандықтары бойынша шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
 
Шеберлік сыныбын өнертану ғылымдарының магистрі, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Қобыз және ОХА» кафедрасының аға оқытушысы, Роза Бағланова атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің әртісі Аяулым Жумкенова өткізді.
 
Кәсіби кездесу барысында студенттер орындаушылық шеберліктерін жетілдіріп, маманның тәжірибесімен танысуға, кәсіби білімдерін толықтыруға және ұлттық музыкалық аспаптарда орындаудың өзіндік ерекшеліктерін тереңірек меңгеруге мүмкіндік алды.
 
Мұндай шеберлік сыныптары студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және орындаушылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
 

Share: