Жәңгір Жұбановтың скрипка сыныбы бойынша шеберлік сабағы өтті
Жәңгір Жұбановтың скрипка сыныбы бойынша шеберлік сабағы өтті

21 қазанда Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Қазақстан–Австрия скрипкашысы Жәңгір Жұбановтың шеберлік сабағы өтті.
 
Кездесу барысында студенттер скрипкада орындау техникасын жетілдіріп, музыкалық шығармаларды интерпретациялау ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар жас музыканттар кәсіби орындаушының тәжірибесіне негізделген құнды кеңестер алып, өздерінің орындаушылық шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.
 
Шеберлік сабағы шығармашылық тәжірибе алмасуға, кәсіби білімді тереңдетуге және жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.
 

Share: