Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде 1–2 курс студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне арналған түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары – полиция лейтенанттары Сапар Ермахан Мырзахметұлы мен Жылқай Сымбат Амангелдіқызы қатысты.
Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.