Зарина Алтынбаева жас музыканттармен шығармашылық кездесу өткізді
Зарина Алтынбаева жас музыканттармен шығармашылық кездесу өткізді

15 қазанда Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаеваның шығармашылық кездесуіне арналған іс-шара өтті. Кездесу аясында әншінің орындаушылық репертуарына енген қазақ халық әндері, ариялар мен романстар топтастырылған ноталық жинағының таныстырылымы ұйымдастырылды.
 
Іс-шара барысында қазақ вокалдық өнерінің бай мұрасы, ұлттық музыкалық дәстүрлердің сабақтастығы және отандық вокалдық мектептің ерекшеліктері сөз болды. Сонымен қатар Зарина Алтынбаева жинаққа енген шығармаларды орындап, көрермендерге ерекше музыкалық әсер сыйлады. Әншінің орындауын концертмейстер Лаура Алпыспаева сүйемелдеді.
 
Шығармашылық кездесу жас музыканттар үшін кәсіби тәжірибе алмасуға, вокалдық өнердің қыр-сырын тереңірек тануға және ұлттық музыкалық мұраның құндылығын бағалауға мүмкіндік берді.
 
Колледж ұжымы Зарина Алтынбаева мен концертмейстер Лаура Алпыспаеваға шығармашылық кездесуі, жоғары орындаушылық шеберлігі және жас музыканттарға берген тағылымды өнегесі үшін шынайы алғысын білдіреді!

Share: