Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі Қырғызстанның музыкалық оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
2026 жылғы 9 қазанда Бішкек қаласындағы Алықұл Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған маңызды кездесу өтті.
Кездесу аясында Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі Ош мемлекеттік Ниязалы атындағы музыкалық училищесімен және Мұқаш Абдраев атындағы Республикалық орта арнаулы музыкалық мектеп-интернатымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Қол қойылған құжаттар екі елдің музыкалық білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби және шығармашылық байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен мәдени-білім беру бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған.
Кездесу барысында тараптар академиялық және шығармашылық ұтқырлықты дамыту, оқытушылар мен студенттер арасында педагогикалық және орындаушылық тәжірибе алмасу, бірлескен концерттер мен шеберлік сабақтарын өткізу, сондай-ақ білім беру жобаларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Аталған меморандумдар оқу орындары арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, жас музыканттардың кәсіби дамуына, шығармашылық әлеуетін арттыруына және халықаралық тәжірибе жинақтауына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл бастама Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және музыкалық білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге үлес қосады.