15 қазан күні Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаеваның «Қазақ халық әндері, ариялар мен романстар» атты ноталық жинағының тұсаукесері өтеді.
Аталған ноталық жинақ әншінің шығармашылық орындаушылық репертуарына енген туындыларды қамтиды. Жинақ қазақ музыкалық мұрасын насихаттауға, ұлттық вокалдық өнердің құндылықтарын дәріптеуге және жас орындаушылардың кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды басылым болмақ.
Тұсаукесер аясында қатысушылар ноталық жинақтың мазмұнымен танысып, кәсіби вокалдық өнер мен орындаушылық дәстүрлер туралы мағлұмат алады.
Күні: 15 қазан 2026 жыл
Уақыты: 12:00
Өтетін орны: Ш. Бейсекова атындағы камералық зал.