30 қыркүйекте Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Арқа өңірінің дәстүрлі өнер өкілдерімен шығармашылық кездесу өтті.
Кездесуге Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің басшысы Талғат Ыдырысов, Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей, оркестр әртісі Меруерт Ибраева және концертмейстер Қайрат Омаров қатысты.
Шара барысында қонақтар дәстүрлі өнердің ерекшеліктері, орындаушылық мәдениет және кәсіби шығармашылық жол туралы ой бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесудің маңызды бөлігі ретінде домбыра және қылқобыз мамандықтары бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Шеберлік сыныптарын дәстүрлі өнер саласының мамандары Полатхан Ташимов пен Ержігіт Оспанханов өткізді.
Шығармашылық кездесу студенттердің кәсіби білімін толықтырып, дәстүрлі музыкалық өнердің тәжірибелі өкілдерімен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік берді.