«Тіл – татулық тірегі» атты танымдық іс-шара өтті
«Тіл – татулық тірегі» атты танымдық іс-шара өтті

Қазақстан халқының тілдері күніне орай Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Тіл – татулық тірегі» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараны Жалпы білім беру пәндері ПЦК ұйымдастырды. Шара барысында тілдің адам өміріндегі маңызы, ана тіліне деген құрмет, көптілділік пен тіл арқылы мәдениетаралық байланысты нығайту мәселелері сөз болды. Студенттер тілге қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісіп, түрлі танымдық тапсырмалар мен шығармашылық белсенділіктерге қатысты.
 
«Тіл – татулық тірегі» атты іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында тілге деген құрметті арттыру, көпұлтты қоғамдағы өзара түсіністік пен достық құндылықтарын дәріптеу.
 
 

 

Share: