АРҚА ӨНЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ
АРҚА ӨНЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ

30 қыркүйекте Алматы музыкалық колледжінде Арқа өңірінің дәстүрлі өнер өкілдерімен шығармашылық кездесу өтеді.
 
Кездесу қонақтары - Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің басшысы Талғат Идрисов, Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей, оркестр әртісі Меруерт Ибраева және концертмейстер Қайрат Омаров.
Бағдарлама аясында шығармашылық сұхбат өтіп, Полатхан Ташимов пен Ержігіт Оспанхановтың домбыра және қылқобыз мамандықтары бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
 
30 қыркүйек | 10:00
Камералық зал
 

 

Share: