Колледжімізге заманауи LED-экран сыйға тартылды
Колледжімізге заманауи LED-экран сыйға тартылды

П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұжымы «Байұлы» холдингінің (ресми атауы – Baiuly Capital Holding) бас директоры Алагузов Тұрсенғали Тұрымұлына және «Жеке қор «Алакөз» қайырымдылық қорының директоры Алагузов Тұрым Сағидоллаұлына, «ALAKOZ» камералық хорының ұжымына колледжге LED-экранды сыйға тартып, көрсеткен қолдаулары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
 
Бұл заманауи техникалық құрал колледждің концерттік және білім беру қызметін дамытуға, өткізілетін іс-шаралардың сапасын арттыруға, шығармашылық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге және студенттер мен оқытушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
 
Музыкалық білім мен мәдениеттің дамуына қосқан үлестеріңізді, жастардың шығармашылық бастамаларына көрсеткен қолдауларыңызды жоғары бағалаймыз.
 
Сіздердің қолдауларыңыз колледжіміздің шығармашылық және білім беру ортасын одан әрі дамытуға елеулі үлес қосады. Алдағы уақытта да ынтымақтастығымыз жалғасып, жаңа бірлескен жобалардың жүзеге асуына, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз.
 

 

Share: