Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Билал Искаковқа ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК төрағасының 2026 жылғы 19 тамыздағы №612 бұйрығымен «6B0400 – Өнер» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді!
Билал Искаков — П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Қазақ халық аспаптары бөлімінің алғашқы түлегі. 1978 жылы колледжді үздік тәмамдап, сол жылдан бері домбыра пәнінің ұстазы ретінде үздіксіз еңбек етіп келеді. Биыл оның ұстаздық жолына 48 жыл толды.
Сондай-ақ философия докторы (PhD) Айжан Бекеноваға ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК төрағасының 2026 жылғы 19 тамыздағы №611 бұйрығымен «6B0400 – Өнер» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді!
Айжан Бекенова 2007 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың тамызына дейін П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ішекті аспаптар бөлімінде еңбек етті.
Құрметті Билал Алпанович пен Айжан Слямовна! Сіздерді ғылыми атақтарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, білім мен өнер саласына қосқан үлестеріңіз еселене берсін! Ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс, шығармашылық жолдарыңызға зор жетістіктер тілейміз!