1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері Ақсай балалар орталығына барып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.
 
Студенттер ән шырқап, күй орындап, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ізгі шара барысында Halyk Bank және демеушілер бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстады.
 
Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – мерекенің ең үлкен сыйы болды. 
 
 
 

 

 

Share: